Әженің жыры – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әженің жыры» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1853
Шанаға жектім шал жорға,
жарқылдайды тағасы.
Жарқылдаған жағасы
мынау кімнің баласы?!
Асқаржанның баласы,
айдай жігіт осы екен,
жақсылармен дос екен,
жамандыққа өш екен!
Көңілі жарқын қош екен,
Асқарбектің қарағы,
Гүлнарының жанары.
Қайдан іздеп табады
мұндай жақсы баланы!
Қазір ұйқтап қалады
әжесінің түлегі.
Тау жығады жігері,
менің күнім өскенде
шал жорға атқа мінеді!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері