Жанар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жанар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2083
Кіп-кішкене Жанарым,
жақын келіп қарадым.
Бұл өзімнің ақ бөпем,
ойнатамын, бағамын.
Құйттай екен басы да,
селдіреген шашы да.
Сөйлеспеді менімен,
келіп едім қасына.
Мен апамнан қалмадым:
"Неге мұны таңдадың?
Ойнамайды менімен,
тым кішкентай алғаның!"
Ана жүзі нұрлы екен:
"Ренжіме, күн көкем:
"Сен де осындай болғансың",-
дейді маған, шын ба екен?!
1973


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері