Балықшы сыры – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Балықшы сыры» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2281
Мен осында сырын білем,
Әрбір арал, әр тастың.
Жалаң аяқ зыр жүгіргем,
Жағасында Балқаштың.
Жас кезімде кетіппін мен,
Ерте тұрып үйімнен.
Балқаш мазақ етіп күлген,
Толқынымен үйірген.
Болды менің сырласым да
Теңіз сыры, жел шуы.
Біліп жеңбей тынбасымды
Көнді ақыры көл суы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балықшы сыры өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балықшы сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балықшы сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балықшы сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері