Өлең, жыр, ақындар

Мен – қазақтың қызымын (Қазақ қызының монологы)

  • 30.05.2017
  • 0
  • 1
  • 26404
Мен – қазақтың қызымын, дара туған,
Текті аналар рухынан жаратылған.
Күннен сәуле аламын, құлпырғанда,
Айдан нұрға малынам, жаңа туған.

Мен – қазақтың қаракөз аруымын,
Ата-анаға қуаныш, дәруімін.
Мендік намыс, «Қазақ» деп ұрандайды,
Намысымды құлатпас қаруың мың!

Мен – ұлтымның бір кербез сұлуымын,
Жүрегімде тұнған ар, жылуым мың!
Жанарымда жалын бар жарқ ететін,
Сөз талассам жеңе алар жыр-уыңмын!

Бойымда бар Тұмар тектілігі,
Ұмай-Ана ақылы, жетті, міні,
Санамда бір саф әуен әуездеп тұр –
Әлия мен Мәншүктің текті үні!..

Сәулесі боп шолпандай жұлдызының,
Қырдан жиған қызғалдақ қырмызының.
Әсемдігін әрлеген тұла бойға,
Алаш атты арланның бір қызымын!



Пікірлер (1)

Махаббат

Маган мектеп аруы сайысына ерекше таныстыру керек еди жане кандай ою турлерин билесиздер
Отиниш маган тауып бере аласыздарма

Пікір қалдырыңыз

Сүйемін (Туған жерге арнау)

  • 0
  • 6

Сүйемін оның көгілдір күмбез аспанын,
Сүйемін тауын, шағылысқан тастарын.
Сүйемін таудың баурайындағы бұлағын,
Бұлақтың сүйем жағасындағы құрағын.

Толық

Ойлан!

  • 1
  • 1

Тыңда мені, жігітсымақ желіккен,
Көлік мініп, ақша шашып еріккен.
Қанша қызды ойыншық қып мәз болдың,
Ару қыздың сен көз жасын көріп п(а) ең

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Өр кеуде сенің мінезің,
Мыңдарға татыр бір өзің,
Жырымды саған арнайын,
Қыр қызғалдағындай гүл өзің.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер