Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Мұқағалиша

Бұл бетте «Мұқағалиша» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мұқағалиша

Естігенде биліктің былықтарын,
Жамай алмай жүрсе ел жырықтарын,
керең болғым келеді, керең болғым,
Түсінбейтін тұрса да көріп бәрін.

Бұзылғанын жастардың көз көргенде,
Ата анасы жер қарап көрге енгенде,
Соқыр болғым келеді, соқыр болғым,
Көрсем дағы жүрмін ғой көрмегендей.

Белсендіні мен тілшіні қаматады,
Шықса бейбіт шеруге оқ атады,
Мылқау болғым келмейді, мылқау болсам
Әділдікті қалайша орнатамын.

Мықтылары қазақтың безінгенде,
Көріп, естіп, айта алмай езілгенде,
Жынды болғым келеді, жынды болғым
Жалғандығын жалғанның сезінгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағалиша өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Мұқағалиша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағалиша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағалиша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер