Ауылдың бақытына шын сенемін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ауылдың бақытына шын сенемін
Ауыл халқы қашаннан бірлік еткен,
Татуласып шынайы тірлік еткен.
Бірлік пенен тірлікті жоғары ұстап,
Елдігімнің салт-дəстүрін сыйлап өткен.

Ауыл халқы салт-дəстүрге қуанады,
Бір-біріне көмектесіп сыбананды.
Үлкен кіші барлығы ұйымдасып,
Тіршіліктің қамымен жұбанады.

Болашақты ауылдан көп іздейді,
Ауыл жасы жаман екен дегізбейді.
Ауылының келешегін ойландырған,
Білімнен болашақты көп іздейді.

Бұл ауылдан ғажайып ғылым ашқан,
Сол ғылыммен талайы қадам басқан.
Ақ жол тілеп бүгінде жастарына,
Жаңалық ашсын дейді осы бастан.

Ауылдың бақытына шын сенемін,
Келешектің үміті деп мен білемін.
Өзімнің асыл арман жігеріммен,
Ауылдың бақытына дем беремін.


Пікірлер (1)

Гаухар

Керемет өлен сөздері қаңдай тамаша,, мағыналы !!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдың бақытына шын сенемін өлеңінің авторы кім?

Madiyar — осы өлеңнің авторы.

Ауылдың бақытына шын сенемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауылдың бақытына шын сенемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Madiyar өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдың бақытына шын сенемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.