Қуыршақ – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Қуыршақ» атты Ернұр Сейдахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2770
Жақсы көрем әкемді,
Маған қуыршақ әкелді,

Өзім пішіп көйлегін,
Өзім тігем өрнегін.

Өріп берем шашын да,
Бояп берем қасын да,

Кешкілік, күн батқанда,
Бәрі ұйқыға жатқанда,

«Әлди-әлди» әнімен,
Ұйықтатамын оны мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері