Бір сəуле – Ардақ Жолдыбаева

Бұл бетте «Бір сəуле» атты Ардақ Жолдыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ішімде жеткілікті қаншама мұң
Көздегі тамшыменен ұғындырдым
Сынаудың керегі жоқ мына мені
Бостан босқа жоғалар сенің құның

Таусылмайды баршаға іштей жырым
"О ,Поэзия" сен мені жылындырдың
Оза шауып келсем де қаншама рет
Аяғымнан шалып тағы да сүріндірдің

Өмірім егіз осы бір өлеңіммен
Ащы үн шықсадағы көмейімнен
Ашындырып барады мына жайттар
Аққан жұлдыз секілді сөнемін мен

Қуаныштан қарасам мұңым басым
Сығып алып отырмын көздің жасын
Барлығына үнсіздікпен жауап берем
Өмір деген ақ қарадан құрылғасын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сəуле өлеңінің авторы кім?

Ардақ Жолдыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бір сəуле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сəуле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ардақ Жолдыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сəуле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар