Кесінді – Дәурен Тлеуханұлы

Бұл бетте «Кесінді» атты Дәурен Тлеуханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кесінді...

Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.

Уақыттың ойпаңдарын,қалтарысын,
Жалғанның жанталасын ,арпалысын,
Қиып өтіп күндердің қайғы-шерін,
Сүйіп өтем өмірді әр таң үшін.

Биік етіп ойымды басқалардан,
Басқа қонған бақтай боп асқақ арман.
Түп-түзу жолдарыммен жан баспайтын,
Тарихқа аттанамын таста қалған.

Таршылықтың тұсауын үзіп беріп,
Жыр маржанын моншаққа тізіп, теріп.
Келер күнге қалдырам бір белгіні,
Көк аспанды қақ тілген сызық болып.

Ғұмырлар-ай,кейде мықты, ғаріп кейде,
Дүние дүлдүлдерді дәріптей ме?
Жер жүзінің жанарын жас толтырар,
Жалын шашып жанғанда жарық бейне...

Тлеухан Дәурен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кесінді өлеңінің авторы кім?

Дәурен Тлеуханұлы — осы өлеңнің авторы.

Кесінді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кесінді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Тлеуханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кесінді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері