Досым тыңда! – Ринат Әбдіқалық

Бұл бетте «Досым тыңда!» атты Ринат Әбдіқалық жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Пендеге ақыл керек,
Бір нәрсені ойлайтын, саралайтын.
Байыбына әр ненің бату керек,
Болу үшін сыйлайтын, бағалайтын.

Досым тыңда!
Адамға намыс керек,
Шындықтан аттамасқа, одан асып.
Керілгенмен тамжылма, қағыс. Демек-
Жүрмеу керек жар асты жамандасып.

Досым тыңда!
Тіріге білім керек,
Шаруаның оң терісін білу үшін.
Ал, ол үшін күніге ілім керек,
Осы болмақ өмірлік тіреуішің.

Досым тыңда!
Адалдық керек досқа,
Талабы да шыншылдық махаббаттың.
Бұл болмаса, қатынас- бөлек, басқа,
Мұнсыз малсың, бей адам, ақымақсың.

Досым тыңда!
Қалмассың бұл кез кейіп,
Ойласаң кімдер "ез" деп, кімдер маржан?!
Айтқандарым бар адам -әр кез биік,
Тек біреуін жоғалтқан- мүлдем арзан.

Досым тыңда!
Тыңдауға міндеттісің!
Белің буып, алысқа шабу үшін.
Ал енді мақұлдамай, күлмекпісің?
Мен сені "дос", "адам" деп тану үшін.

РИНАТ ӘБДІҚАЛЫҚ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досым тыңда! өлеңінің авторы кім?

Ринат Әбдіқалық — осы өлеңнің авторы.

Досым тыңда! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досым тыңда! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Досым тыңда! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар