Бала майдан – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Бала майдан» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бала жоқ па дер біреу,
Бала деген өріп жүр.
Балалардың шешесі
Тегіс тұқым теріп жүр,
Балалар да «бригад»
Бақташыға еріп жүр.
Жұмыстағы анаға
Өңгерілген бала жоқ.
Бала бағып үйінде
Отырған жан және жоқ.
Балаларды қозыша
Бақпауына шара жоқ.
Балаларды тапқан бар,
Бірақ баққан ана жоқ.
Бір ауылдағы ұл-қызға
Бір-бір-ақ жан ана боп,
Бала «колхоздасыпты»
Өңшең «жаңа Тама» боп.
Жазғы ауылдың жері кең,
Жазғы туған төл қызық.
Жаңа отыққан қозыдай
Жайып, айдап өргізіп.
Алыс емес лөктір де,
Тұрады екен көргізіп.
Өгей емес, өз ана.
Біріне емшек емізіп,
Біріне нан жегізіп,
Біріне «мәм-мәм» дегізіп.
«Жаңа тұрмыс» бесігі
Бала майдан бір қызық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала майдан өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Бала майдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала майдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бала майдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері