Өлең, жыр, ақындар

Көк балқаш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Арнасы тіреу болған жар тасқа,
Қорқынышпен көз тастайсың Балқашқа.
Көріскенде жүгіріп келер толқыны,
Амалың құрып, ала алмайсың жамбасқа.

Шексіздік анау, бұрын көзім шалмас-ты,
Тудым ба қайта, күнім ба мынау алғашқы?
Көл болғасын аспанмен құшақтасқан,
Теңіз бе деп ойлай бердім Балқашты.

Көз алдымда көк Балқашпен жалғасқан,
Қиыры қайсы, қайда еді əлгі аспан..?
Ортасында қалықтаған мамық бұлт
"Міне көк" - деп биігірек жармасқан.

Шағалалар көлдің бетін шарпыған,
Өмірдің мынау келіп шығып шартынан.
Балқашты ғашығындай айналсоқтап,
Бір көрініс қалдырады шарқ ұрған.

Кешке қарай баяулап барып жəй ғана,
Мүлгіп тұрар тым-тырыс боп айнала.
Көк Балқаш реңінен айырылар,
Ару Ай келіп қарағанда айнаға.


Пікірлер (1)

Қымбат

Бұл өлеңді шығарған кім?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк балқаш өлеңінің авторы кім?

Бақберген Арысланбаев — осы өлеңнің авторы.

Көк балқаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көк балқаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақберген Арысланбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк балқаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.