Түн
Жұрт ұйқыда жатыр, шырт ұйқыда,
Қара түн күзетіп тұр бейкүнə.
Қара түнді мен күзетем бір шетте,
Орнықты кеп, жанарыма сыйды да.
Қазақша өлеңдер жинағы, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары және толық өлең мәтіндері.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Тып-тыныш кеталман жөнімменен.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Қызғанумен өтермін өмірден мен.
Əзірге бар, бізде қымбат қазыналар,
Мұрасын алам десең қасына бар.
Қарттар тірі тұрғанда қадірін біл,
Уақыт ұрлап оларды, азы қалар.
Маған таныс ұзын көше, ұзын көше,
Ұзындығы ұзарғандай екі есе.
Ақ түске еніпті сұрғылт асфальт,
Көзге түспей жататын күні кеше.
Арнасы тіреу болған жар тасқа,
Қорқынышпен көз тастайсың Балқашқа.
Көріскенде жүгіріп келер толқыны,
Амалың құрып, ала алмайсың жамбасқа.
Сен маған ту сыртымнан қарама,
Ту сыртымнан қарасаң сескенесің.
Жақын келіп, жүрегімді жарала,
Сонда менің өлеңімді ескересің.
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі