Өлең, жыр, ақындар

Өмір заңы əрқалай

Біз жақты үнемі күз, жабырқаңқы.
Төбемізді ашылмастай бұлт торлады.
Сарғайған сары күздің жапырағындай.
Ойға шомып, мұңайып солды бəрі.

Біз жақта үнемі қыс, қаһарланған.
Өмір шіркін əртүрлі сынақ салған.
Қақаған қатқан қыстың аязындай,
Бұл өмір ешкімді де аямаған.

Біз жақта болушы еді, үнемі жаз.
Келмеске кеткендейме ол күн біраз?
Тамылжыған тамыздың күніндей боп,
Төбемізде күн күлетін, көлеңкесі аз.

Біз жақта болушы еді көктемде.
Өмір заңы оралмайды өткенге.
Өткен күндер сағынтады кешегісін,
Оралсақ деп ең қызықты сəттерге.

Өміріңнің əр тұстары төрт мезгілдей.
Балалық балдырған кез гүл көктемдей.
Жалындаған жастық шақ болар жаздай.
Өмірге бейім кезің алтын күздей.
Қартайғанда өмірің өтер қыстай.

Өмір заңы болады əрқалай.
Кейде өмір кезегіне қарамай.
Тағдырың бірақ күнде өзгеріп сап,
Мезгілдің орнап жатады бəрі жай. (бірдей)



Пікірлер (1)

Алия

Біз жақты үнемі күз, жабырқаңқы - қате кеткен," жақта, жабыраңқы" деп жөндеп қойсаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Жарқын күннің жарар қашан бүршігі?

  • 0
  • 0

Əй, өмір-ай неткен қатал сынақсын.
Кейде қысқа, кейде мәнсіз ұзақсың.
Өз жолыңда ешкімді де аямай,
Қуанышын тартып алып жылаттың.

Толық

Бұл өмір

  • 0
  • 0

Бақытты етіп күлдіретін бұл өмір.
Қиындықпен кез қылатын бұл өмір.
Барлығында тез қылатын бұл өмір.
Үмітіңді сөндіретін бұл өмір

Толық

Күліп жүрші үнемі

  • 0
  • 0

Қабағыңды түймеші, ренжімеші.
Бəрі жақсы болады маған сенші.
Қанша қиын болсада езу тартып,
Қиындығын өмірдің күліп жеңші.

Толық

Қарап көріңіз