Күліп жүрші үнемі – Жақыпбек Зəрипа

Бұл бетте «Күліп жүрші үнемі» атты Жақыпбек Зəрипа жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қабағыңды түймеші, ренжімеші.
Бəрі жақсы болады маған сенші.
Қанша қиын болсада езу тартып,
Қиындығын өмірдің күліп жеңші.

Сенің нұрлы жүзіңді мұң басқанда,
Менің жаным ешқашан тыншымайды.
Түңіліп қарамашы түнгі аспанға.
Тұңғиықтан жұлдыздар қол бұлғайды.

Өмірде сүрінсең қайта тұрғын.
Адам барма өмірде сүрінбейтін.
Қиындығын еңсеріп əрбір күннің.
Үнемі сен жымиып күліп жүргін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері