Қазақ қызы – Диас Мамадбек

Бұл бетте «Қазақ қызы» атты Диас Мамадбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазақ қызы

Тамсанамын әлі де сұлулыққа,
Қазақ қызы сай екен ұлылыққа.
Қанша дағы айтқанмен жеткізе алмас,
Қазақ қызы жақын ғой жылылыққа.

Кереметін таулардың сипаттайды,
Қазақ қызын кім әсем ұнатпайды?
Акын жанды болса да өте нәзік,
Қазақ қызы үшін ақындар шимақтайды.

Қазақ қызы, қиындықтар ауыры,
Қазақ қызы, тақырыптар тәуірі.
Сол ауырды көтеруге тырмыссаң,
Қазақ қызы, бауырлардың бауыры.

Қазақ қызы, аққан өзен сарқырап,
Қазағымның төріне шығар жарқырап.
Қазақ қызына төнсе егер қара күн,
Қашпаңдаршы жігіттер-ау тырқырап.
Қолдау бергін туса егер қиындық,
Қауіп төнсе де бүкіл әлемге шартарап.

Қазақ қызы, әсемдейін ақ қайың,
Қысты ызғар, төмендейін көк сайың.
Еркін ғана кең жазықта шапқылап,
Сол далада тулаған қатты жас тайың.

Қазақ қызы, жарқыраған күндейсің,
Қазақ қызы, сарнаған әсем үндейсің.
Жігіттердің санасында қалып қойып мәңгіге,
Қазақ қызы, көктемде нәзік гүлдейсің.

Қазақ қызын басқаларға қимаймын,
Қазақ қызын айтамын, ішке сыймаймын.
Қанша дағы тоқтатса мені алдымнан,
Жалықпаймын жырлаудан, мұндайдан мен таймаймын.


Пікірлер (9)

Сымбат

өте керемет

Perizat01225

Қайырлы күн!Өлеңдеріңіз тамаша!Əсіресе осы өлеңіңіз тіптен керемет!

dias_mamadbek

Көп көп рақмет, сіздерге ұнағанына қуаныштымын!

Кенжебек Нұргүл

Көп рахмет

dias_mamadbek

Қазақ қызын барынша жеткізуге тырыстым, Алламызға рақмет айдай ару, күндей жарқын жүзді қазақ қызына ғашық болғанымызға

Əсел

Талабыңа нұр жаусын,өлеңдеріңде тұңғиық мағына бар.

dias_mamadbek

Көп рақмет! Аллаға шүкір деймін

KILLER_1

Өте керемет, шыңдардан осындай өлеңдермен көріне беріңіз!

dias_mamadbek

Рақмет

 

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ қызы өлеңінің авторы кім?

Диас Мамадбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақ қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Диас Мамадбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар