Əкеге сыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сыр шертейін өзіңе, əке, бүгін,
Жетпей жүр-ау қызыңа əкелігің,
Қанша жерден тырысып көрсем-дағы
Кешіруге келмей тұр қателігің.

Өзіңсіз болмаса да əлем сəні,
Мойымаймын, жасыман, күлем əлі,
Сонда да мына келген қоңыр күздің
Жанымды жабырқатты күрең əні.

Алыстасың көзіммен көрмейтұғын,
Кездесуге жүрегім көнбейтұғын,
Саған деген махаббат бар кеудемде
Тырыссам да жоюға өлмейтұғын.

Жүректі мазалайды сан ой əлі,
Қорғаусыз қалдырыпсың бұл ұяны,
Сағынып өзіңді, əке, кетем кейде
Көшеден көрген кезде жанұяны.

Сенсіз өтер күніміз, таң да атар,
Қуаныш пен жан қайғы жүріп қатар,
Тас боп қатқан жүректі, алайда, əке,
Жалғыздығы анамның алаңдатар.

Жетпеді ме анамның махаббаты,
Жетпеді ме қызыңның шапағаты,
Тілейтінім, жан əке, бұл өмірде
Бұйырсыншы Алланың қанағаты.

Көтерем өмірімнің сынақтарын,
Білем Алла құлдарын құлатпарын,
Өтінерім, əкешім, тым болмаса,
Екінші отбасыңды жылатпағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əкеге сыр өлеңінің авторы кім?

Əсемгул Əлібекқызы — осы өлеңнің авторы.

Əкеге сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Əкеге сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Əсемгул Əлібекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əкеге сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.