Сәбира мен желтоқсан
- 1
- 3
Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!
Бұл бетте «Перзенттің тілегі» атты Тоқтарқанова Дана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!
Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.
Мәңгілік ел-қазағымның өткені мен кеткені,
Мәңгілік ел-халқымның арадағы өткелі.
Мәңгілік ел ұғымы қасиетті,кадірлі,
Елітеді-ау жанымды,нұрға бөлеп...
Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.
Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!
Айман Жунусова
Айналайын қызым,жазған өлеңдерің керемет, сол өлеңдеріңмен Фариза апаңдай елге танымал бол.
toktarkanovad
Рахмет! Əмин
Олжас Русланович
Бəрекелді !
Aigerim_bas
Дана сен мыктысын!!!
Aigerim_bas
Биіктен көрін!!!