Жүрегімде сақталасың сен ғана
Бұл бетте «Жүрегімде сақталасың сен ғана» атты Жәнібек Жақыпов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Кездестірдім мен сені
Айлы түннің кешінде
Өзіңменен бір болуға
Серт бердім әлі есімде
Бұл ажалға шек бар ма?
Жүрегімде сақталасың сен ғана
Сенсіз өтер түндерде
Жас аламын көзіме
Суретіңді алып қолыма
Бағалай алмадым мен сені
Жүргеніңде жанымда
Қылығыңмен тәтті еркелеп
Ренжітуші едім өзіңді
Естимісің менің сөзімді
Ойланбадым неге ертерек
Жүруші едім әлі ерте деп
Күлімдеші, күлімдеші
Жаным маған еркелепе
Жүгіріп келіп құшақташы ентелеп
Мен өзіңді бір көруге асықпын
Жүрегімді қинап жатыр тасып мұң
Сұм ажал бөлді біздің арамызды
Түрлі ойлар улайды менің санамды
Сол апаттан тірі қалдым мен неге
Сені апарып жерлегенде сол көрге
Үйірілді ыстық жас мына көзге
Сол күндер есімде әлі күнге
Бар мұңымды шағамын енді кімге
Жүрегімде сақталады сол бір сәттер
Өзіңменен қол ұстасып жүргенімде
Бұл қиналған жағдайымды сезер кімдер
Қабіріңе өзің жатқан күн барамын
Көздеріме ыстық жас аламын
Бұл ажалға шек барма?
Жүрегімде сақталасың сен ғана.
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі