Баянтау
- 0
- 0
Неге оны Баян-жүрек атады екен,
Осынау тау жанға жылы ата мекен.
Бір кезде бабам көшкен қара нардай,
Созылып кеп жазыққа жатады екен.
Бұл бетте «Көңіл құсы» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарт Жоңғардың бір шыңы бар — Бүркітті,
Сұсымен ол талайларды үркітті.
Бұлт үйіріліп кетпепті ұдай басынан,
Тас түнеріп жасын жерге бүркіпті.
Ақ қайыңдар алқаптарды алқымдап,
Кешкі арай жатыр шынды алтындап.
Самал желмен желпінеді тау тұтас,
Бой жазып бір таза ауада салқындап.
Күндер-ай бірін-бірі қуалаған,
Сол күннің әр мезгілі куә маған.
Өтсейші бір минуты тыныш қана,
Неліктен арманшыл боп туады адам.
Барып едім, от боп жанып, ыссылап,
Салқын екен, сіз тұрған жақ, мұздатты.
Сақылдаған тау өзенін ішіп ап,
Әжімдері қатпар-қатпар күз жатты.
Баян
Мағынасы терең. Маған қатты ұнады.