Асыл ана – balnurdaurenova

Бұл бетте «Асыл ана» атты balnurdaurenova жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Алғы күнге асыққанда арманым,
Жүрегімнен орын алдың, жан ана.
Жарқын атпай жасытқанда таңдарым,
Өзің едің қуат берген балаңа.
Үкілеген үмітімді үрлеумен,
Толқын-арман бесігінде тербеттің.
Білесің ғой өлмес өлең, жыр-кеудем,
Қайтем енді, мен солай боп бойжеттім.
Қызым дедің, қызың үшін қаншама,
Түстің отқа, бірақ күйдім демедің.
Күнім дедің, күнің үшін жан сала,
Таптың әркез уақытында керегін.
Асыл ана, шаттығымды аңсаған,
Тірлігімде жаутаңдатпай ешкімге.
Парызың ғой дей алмаймын мен саған,
Қарызым ғой өтей алмас бес күнде.
...Білем, білем, барлық ана осындай,
Тағдырының тамырлары тереңде.
Сірә, олар көктен түскен тосын жай,
Содан болар сыйдыра алман өлеңге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл ана өлеңінің авторы кім?

balnurdaurenova — осы өлеңнің авторы.

Асыл ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Асыл ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар