Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1225
Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін,
Арманыңның аударма асау кемесін.
Бұлт қаласын аспанның жарып өтіп,
Жұрт қарасын жүзіңе, қашан келесің?
Көз алдымнан қараған жанарың кетпеді,
Көкірегіңнен тараған даланың көктемі.
Үмітімді үзер ем, ең болмаса,
«Бара алмаймын» деген бір хабарың жетпеді.
Үмітімді білмеймін, неге үзбеймін,
Аласұрған тынымсыз теңіздеймін.
Жым-жырт, сұрғылт күндерден, жылтыраған
Сәулелердің ішінен сені іздеймін.
Аудармашы арманның асау кемесін,
Көздерімнің нұрымен қашалды елесің.
Сағыныштың сары-ала дариясын кешіп,
Айдыныңа ақ құсым қашан келесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері