Шаранамен туып едің...
- 1
- 3
Шаранамен туып едiң,
Бөз оранып өтесiң.
Бiр сағымды қуып едiң,
Қай уақытта жетесiң?
Бұл бетте «Өткен күнгі парақтан» атты Aidana_balimbetova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаранамен туып едiң,
Бөз оранып өтесiң.
Бiр сағымды қуып едiң,
Қай уақытта жетесiң?
Шын асықтың әрбiрi,
Өлiп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры,
Жаратты менi орнына.
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм Құдай?
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым бiл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.
Баяғы атақты Айса тумай тұрып,
Криз деген хан болған дәурен сүріп.
Өктемдікпен зорайтқан патсалығын,
Маңдағы нашар елдің бәрін қырып.
Ең бұрын қала болған қытай жұрты,
Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.
Ертерек қолөнерге шебер болған,
Қолайсыз көрінсе де бізге сырты.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі