Кінәләңдар – bekjanovmeirambek

Бұл бетте «Кінәләңдар» атты bekjanovmeirambek жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кiнәләңдар, керек болса кiнәлi,
Оңды солды үйіңдер кеп кiнәнi.
"Жазықсызбын" -дей алмаймын себебi,
Алла алдында күнәhармын күнәлi.

Жүрсек дағы бауыр бүтiн, бас аман,
Пендемiз-ау пендешiлiк жасаған.
Болмасамда судан таза, сүттен ақ,
Емес едiм жүрегi жоқ тас адам.

Айыптаңдар, мен болайын айыпты,
(Болмасамда жазғыруға лайықты)
Жазғырыңдар, дейсiңдер ме "Жолынан
алтын көрген перiште де тайыпты"

Үмiтiмдi үкiлейiн үзбей тым,
Ендi қашан жойылады Күз кейпiм?
Ақымаққа шынымен-ақ сөзiм жоқ,
Бар кiнәнi өзгелерден iздейтiн.

Өршiген бе ғайбаттаулар қаулап күн?
Қияметте көрiнбей ме лаулап шын?!.
...Алла алдында болсам мұрат еңселi,
Ел алдында ақталудан аулақпын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар