Жұбайларға арнауым
Бұл бетте «Жұбайларға арнауым» атты AzharSerikbayeva жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлімдеп көзің нұрланып,
Жаныма жылу сыйлайды..
Ашылып сонда қабағым,
Көңілде кірбің қалмайды.
Қанат бітіп ұшармын,
Жақсы ой келіп санама..
Уайым- қайғысыз тіршілік,
Жамандық жоқтай ғаламда!
Сананы улар бір мезет,
Жүгірген ойлар сан-саққа
Сенімнің кілтін босатып..
Уәделескен жұбайлар болсақ-та!
Қызғаныш дер-ем мұндайды,
Ақылыңды қылған сергелдең...
Сезім бар жерде лап етіп,
Қып-қызыл болып өртенген!
Әңгімеміз жарасар,
Болады нан да, ән мен күй!
Табиғатымды ұғынып,
Мәңгілікке... Жарым, мені сүй!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі