Құс ғұмыр! – Қайбуллаев Нартай

Бұл бетте «Құс ғұмыр!» атты Қайбуллаев Нартай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Керек болды нендей шара?
Қияң шыңнан құлап түстім,
Қиялдықпен өрлей сала
Бергін Алла тағдырын бірақ, құстың

Қайтеді екем құс өмірді?
Ғұмыр күні бес елідей қайғылы
Кейбіреуі құсалы өлді.
Өлім маған келеді екен қай күні?

Шырқайтұғын әні қайда?
Жә, әніме, әні құрсын жалыққам?!
Ұшып барып жолық айға
Сосын мені ұмтыл, ізде тамұқтан

Басыларма сағынышың
Іздеп тапсаң, мені қалқам сен осы
Қасіреттей бағың үшін
Айналмашы алжасқанға көп есі

Іздеме,
Мен бөлекше бұлқыныс
Тағдырласпын өміріне құстардың
Болған емес қорқыныш
Мен негізі, құс ғұмырға құштармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс ғұмыр! өлеңінің авторы кім?

Қайбуллаев Нартай — осы өлеңнің авторы.

Құс ғұмыр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс ғұмыр! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құс ғұмыр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері