Мендегі өлең – Құсмамбетова Зибаш

Бұл бетте «Мендегі өлең» атты Құсмамбетова Зибаш жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Талақ беріп қара сөзді тастасам
Тақымымды қыса алмаспын ешқашан
Кітап оқып сөз байлығым шектелмей
Шабытыма жол ашады алды аспан
Мəрмарланған сөз қадірін білу заң
Көрінетін жарқылдаған жұлдыздан
Мендегі өлең тек менікі біліп қой
Ондағы сөз мені жердей қылмаған
Лақап атын иемденіп басқаның
Қара сөзден айтшы қашан аттадым?
Езді ер қып жерден көкке шығарар
Бата берген сөзі қымбат атаның
Есті өлең қара сөз ғой құнары 
Өз өлеңім болған маған жұпарлы
Сыйдырмаған бұл дүниеге жазбасам
Өлең менің өтімді өртеп барады
Жан бітіріп Өлеңіме тірілтем
Өлең сөзі алынады өмірден
Мендегі өлең басқасынан ерекше
Ақынға өлең ет жақыны бəрінен
Мендегі өлең Көкшедеге Жұмбақтас
Қарағанмен назар сап,сырын еш жан саптамас
Мендегі өлең мұнар басын мұңға байлап əкеткен
Алатаудың бөктерінде жатқан қармен аралас
Сəби едім, мен əлі де сəбимен
Өлең менің ойыншығым демеймін
Мендегі өлең сəби сəттің серпіні
Маған қайта бұр мойныңды,кел дейтін
Өлең менің ең көлемді жүгімнен
Бірақ кейде мен өлеңге жүгінем
Алды-артын білмей жатып асыр сап
Мендегі өлең бөбек сынды жүгірген
Мендегі өлең естімейді басқаны
Қара сөзді ту қып биік ұстадым
Қалықтаса аспанымда қыран құс
Өлеңіме өң берумен боламын
Хат жазамын қара сөзге өлеңмен
Өлең маған ең қауқарлы диірмен
Алқаптағы шабытымды жиып ап
Диірменім өңдеп барып иірген
Өлең мені құтқаратын қаһарман
Қорқамын мен өлең жазар қаһардан
Мендегі өлең барлығынан үмітті 
Жарып шығар əлі талай шаһардан
Мен тоқтамай жазармын-ау өлеңді
Шабытымнан айырмаса Жаратқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мендегі өлең өлеңінің авторы кім?

Құсмамбетова Зибаш — осы өлеңнің авторы.

Мендегі өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мендегі өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мендегі өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері