Нұртуған туған ауыл -Жыр! – Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Бұл бетте «Нұртуған туған ауыл -Жыр!» атты Əсем Іздібаева Сағынтайқызы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жыр кемеден теңіз беттей қармадық,
Өлең жанды өмірденде жалғадық.
Тыныс дəмім нəрлі ауасын сезінген,
Жырлы ауылға нұрлы ұрпағын салған нық.

Қалам ұстап ,көкейден ой тоғыттым,
Жүрек деген жырмен егіз соғып тым.
Дамылданбай көңіл толқын тасына
Өр ауылдың бір ұрпағын таныппын.

Жырға қонған күште күйі ғаламат,
Қанекейін əсем əуен саралап,
Мырзас деген ,жыр даланың ұрпағы
Нұртуғандай шайыр тұнған шарапат.

Жазылса жыр мендік жаннан қаламда,
Қасиет бар ,өсиет бар бабамда.
Көш ауысып осы ауылда туылғам,
Жыр тудырған топырақ бұл даламда.

Аралдай бір аңызы бар теңізі,
Алаңдаған ,қанша адамның лебізі.
Толса екен деп, тұғырына бойлаған,
Бұл ауданның, бір ауылда негізі.

Шайыр туған менің бабам -Нұртуған
Аманөткел ауылы бұл сыр тұнған.
Ойлы өлеңін бар қазаққа танытқан,
Тамырласып жанын торлай жыр тұнған.

Жыр демейін қалай енді бақты өрен,
"Аңызды ауыл "-ақын күйден тапты өлең.
Тəңір жазған топырағы киелі,
Сол ауылдың қасиетін ап келем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұртуған туған ауыл -Жыр! өлеңінің авторы кім?

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы — осы өлеңнің авторы.

Нұртуған туған ауыл -Жыр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұртуған туған ауыл -Жыр! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нұртуған туған ауыл -Жыр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері