Махаббат мұңы

Бұл бетте «Махаббат мұңы» атты Адылханов Медет жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сезімімнің лайладың тұнықтарын,
Шын сүйгенің осы ма, сыр ұққаның.
Сен сындырған быт-шыт қып жүрегімнің
Құрай алмай жүрмін мен сынықтарын.

Енді менде не қалды қирамаған,
Ешкім мені дәл сендей қинамаған.
Қайғы, мұңды басыма үйіп-төгіп,
Сорын ғана бұл тағдыр қиған маған.

Енді менде не қалды бүлінбеген,
Арам шөп боп шықтың сен, гүлім деп ем.
Бірақ өзім өлгем жоқ: өлең-куә,
Өртең жерге мен ертең гүлімді егем!


Пікірлер (1)

Құралай

Жырларыңыз екінші екінші Мұқағали екеніңіздің айғағы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат мұңы өлеңінің авторы кім?

Адылханов Медет — осы өлеңнің авторы.

Махаббат мұңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат мұңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат мұңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері