Махаббат мұңы – Адылханов Медет

Бұл бетте «Махаббат мұңы» атты Адылханов Медет жазған махаббат туралы өлең берілген.

Сезімімнің лайладың тұнықтарын,
Шын сүйгенің осы ма, сыр ұққаның.
Сен сындырған быт-шыт қып жүрегімнің
Құрай алмай жүрмін мен сынықтарын.

Енді менде не қалды қирамаған,
Ешкім мені дәл сендей қинамаған.
Қайғы, мұңды басыма үйіп-төгіп,
Сорын ғана бұл тағдыр қиған маған.

Енді менде не қалды бүлінбеген,
Арам шөп боп шықтың сен, гүлім деп ем.
Бірақ өзім өлгем жоқ: өлең-куә,
Өртең жерге мен ертең гүлімді егем!


Пікірлер (1)

Құралай

Жырларыңыз екінші екінші Мұқағали екеніңіздің айғағы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері