Сен кеткелі – Адылханов Медет

Бұл бетте «Сен кеткелі» атты Адылханов Медет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен кеткелі
Жан-жүрегім шаттанып шалқымапты,
Көз-көлімде мұң-аққу қалқып ақты.
Жырын оқы, жанындай жақсы көріп,
Сені сүйген, сен сүйген «ақымақтың».

Сен кеткелі
Адыра қап алыста шуақты арман,
Жараланған жүрегім жылап қалған.
Айырылып күш, жігер, қуаттардан.
Есеңгіреп сенімім құлап қалған.

Білесің бе,
Шын махаббат қайғымен өлшенеді,
Сен де мендей мұңайып көрсең еді.
Сенде кеткен кіршіксіз сезімдерім
Жүрегімнің бір нәзік бөлшегі еді!


Пікірлер (1)

Құралай

Сенде кеткен кіршіксіз сезімдерім
Жүрегімнің бір нәзік бөлшегі еді!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері