Берілмесін тек соғысқа еркіндік – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Берілмесін тек соғысқа еркіндік» атты Қанипа Бұғыбаева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1714
Еркін дем ап тыныс алсын бұл кеудем,
Кең далаға шығайықшы жүр, сәулем.
Еркіндіксіз тұншыға бір күлгеннен,
Еркіндікпен жылағаным бір дәурен.
Тағдыр-ажал жетіп бұйрық, оқ төнсе,
Сөзіме емес, өзіме-ақ кеп дарысын.
Тілерім сол бұ дүниеде өткенше,
Еркіндікпен шықса болды дауысым.
Жақсылықтан кім жалығып жерінін,
Жақсылықпен жазылып бой, серпілдік.
Осы еркіндік саған, маған берілсін,
Берілмесін тек соғысқа еркіндік!
* * *
Жек көрем көңілімнің тыныштығын,
Қашанда қозғалыспен туыс күнім.
Хақым жоқ, жан қиналып, терім тамбай,
Жұлуға туған жердің уыс гүлін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Берілмесін тек соғысқа еркіндік өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Берілмесін тек соғысқа еркіндік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Берілмесін тек соғысқа еркіндік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Берілмесін тек соғысқа еркіндік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері