Бос сөз – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «Бос сөз» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.

Не пайда желге ұшқан қаңбағыңнан,
Адамға не малыңа пайдасы жоқ.
Артық емес шағылған жаңғағыңнан,
Күлі қалар, ешқандай айласы жоқ.

Күшке мініп, самалың құйын болып,
Бір орнында тұрғызбас қаңбағыңды.
Не жетсін, туылған соң адам болып,
Сауап іспен қуантсаң жан-жағыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бос сөз өлеңінің авторы кім?

Нұрлыхан Сейтханов — осы өлеңнің авторы.

Бос сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бос сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлыхан Сейтханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бос сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері