Ағайын, бейнет шексең – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Ағайын, бейнет шексең» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3511
Ағайын, бейнет шексең-
Тағдыр,-десті,
Көрінбей жаулап алды,
Сыбыр, Есті.
Тәңірді терістеген,
Біздің дәуір
Жетпіс жыл,
Насихатпен ғұмыр кешті.
Орны тұр,
Ар, Ұяттың, көзі қайда?!
Кеткен-сын,
Көрген жан жоқ,
Сөзі майда.
Адамдар,
Адамды алдап күн батырды.
Таң атты,
Жылуымен асырай ма?!
Пенделер,
Дәтке қуат тұлғаланды,
Көңілге медет сұрап,
Құр қалмады.
Не бір ғажап,
Қаруды ойлап тапты
Бір өзі, көшірердей бұл ғаламды.
Бас жазудан,
Тас қазу-оңайлады,
Түн сырғып,
Таң алдынан арайлады.
Екеу болса
Жалғыз мал қорасында
Пенденің,
Желкілдейді ақ айдары.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері