" Жақұтым-ұлым" – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «" Жақұтым-ұлым"» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

" Жақұтым-ұлым"
Мендегі байлық, жақұтым -ұлым,
Мендегі арман- бақыты оның.
Балалық балғын шақтарын сенің
Ертегі елі болсыншы ұлым.

Қорғаным болар ерке ұлым менің,
Мәнісін артқан өмірім едің.
Азаймау үшін сендегі бақыт
Күзетер едім күлкіңді сенің.

Тіліңнен шыққан әрбір сөзіңді,
Былдырлап жүрген әрбір кезіңді.
Бақытқа, ұлым, теңейді анаң
Алланың берген сыйы-өзіңді.

Тыңшымай менде жүрек лүпілі,
Өзінсің ұлым- үміт үкілі.
Бақытты болсаң қатардан қалмай
Өмірдің берер асқақ үкімі.

Өмірдің нәрі өзіңсің ұлым,
Ер мінезді болғайсың құлын.
Атаң мен әжеңе қамқор боларсың
Үмітін ақта олардың ұлым.

Біздегі арман сенің қолында,
Жан қияр едім сенің жолында.
Көзімнің нұры балапаным-ау
Анашың сенің берер барын да.

Тіл, көзден сақта баламды Алла,
Жетелей білер арман бар алда.
Қиығын салып жүрерсің өзің
Өзіңе ғана тапсырдым Алла.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

" Жақұтым-ұлым" өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

" Жақұтым-ұлым" өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

" Жақұтым-ұлым" өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

" Жақұтым-ұлым" өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері