Бабалардың дәстүрін сақтап өтем – Бақтыбай Мағжан

Бұл бетте «Бабалардың дәстүрін сақтап өтем» атты Бақтыбай Мағжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бабалардың дәстүрін сақтап өтем,
Бастырмаймын пейілі жатқа бөтен.
Киелі бабаларым жатқан жерім,
Мен әрқашан өзіңді мақтан етем.

Еске аламын бабаларды кешегі,
Еңбегі бар еленетін еселі.
Қасиетті бабалардың рухына,
Ұрпақтары мәңгі тағзым етеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар