Өмір – Үсіпбек Ботагөз

Бұл бетте «Өмір» атты Үсіпбек Ботагөз жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір
(Шал ақынға еліктеу)
Боямасыз өмірде,
Таза аппақ жан бар ма ?!
Дақ түсірер көңілге,
Жаман адам бар хақта.
Ақ қарадан тұратын
Өмір шіркін жалған ба ?!
Алла берген мінезі,
Қолданыста өзгерген.
Қырсық адам әр ісі
Шиеленіскен жіппен тең.
Мейірім шуақ шашатын,
Әр адамның көңілі
Таңда атқан күнмен тең.
Ойлап тұрсаң бауырым !
Бұл өмірде көргенің,
Жақсылығың таспен тең,
Жамандығың таумен тең.


Пікірлер (1)

Айнур

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Үсіпбек Ботагөз — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері