Ажал – Бағлан Нұғманов

Бұл бетте «Ажал» атты Бағлан Нұғманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ажал келер кешікпей уақыт келсе,
Не айтасың ажалға, алам десе.
Шарасыз болып қаласың амалың жоқ,
Жанды беріп кетесің, аларың жоқ.

Бір кеткен соң, келу жоқ бұл өмірге,
Жалғанды қиып, ақ кебінді киесіңде.
Қабірге кірген соң сұрақ дайын,
Дайын болар амалыңмен есебіңде.

Жатасың жақсы болсаң рахат көріп,
Жəннəттағы орныңа назар салып.
Жаман болсаң тозағың тұр жалмаймын деп,
Қызыл отқа бір өзіңді тастаймын деп.

Тосып жатпай төсегіңде ажалыңды,
Көбейтіп қал салих болған амалыңды.
Ажал саған уақыт бермей, алып кетер.
Қаласың сорланып, зарлы болып,
Сүрген итше өмірің бекер қалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажал өлеңінің авторы кім?

Бағлан Нұғманов — осы өлеңнің авторы.

Ажал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бағлан Нұғманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері