Бір демде – Құмарбек Қалиев

Бұл бетте «Бір демде» атты Құмарбек Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Барар жерің Балқан тау
Ол да біздің барған тау
Ескі жырдан
Баба, Сіздің барған жер-Балқан екен
Бес күн жалған-бір дорба талқан екен
Дорба түбін қаққанша аттап баспас
Біздер үшін Сіздің жол-қалқан екен
«Балқан таудың басына бабам шыққан»-
Деп күпсініп басқаны аң-таң етем
Өйтетінім, мен үшін өлшем-мынау:
Кейде тоқ, кейде тесік қалтам екен
Үлкейгенде ұққаным- үлкен сөзі-
Дәмі ащы, дәруменді шалқан екен
Кезінде соны ұқпаған пендеңіздің
Жүрісі жер тескендей салқам екен
Көлдей патша көңілі дархан екен
Сөзде көлдей суала бастағанда
Басқа әуенді өлеңге арқау етем:
«Қаратаудың басынан көш келеді»
Қанша буын бұл жырмен өскен еді
Бізге үлкендер «ешқайда көшпе»- деді
Ен жайлауды ел жайлап төстемеді
Содан әлі боз тайлақ бос келеді
Құйрығынан ұстамай бүгінгі ерлер
Мұрындықтап жетелер қос кемені
Тегіне тартып туған жарлы байқұс
Қарынның құрышына өш келеді
Бұл сөзімді кім қалай хош көреді
Хош көрмеген мынау бір бөспе деді
Десе десін дәл қазір бұл шеріңнің
Қолында-айран сұрар бос шелегі
Шен орнына тағады төске нені
Құнсызданып барады дос беделі
Жазғанымды сынатсам бір мықтыға
«Бұл қағаздың орыны- пеште»-деді
Қағаз жанып жылытпас,бірақ, керек
Тамызық тұтанғанша өшпегені
Ақылды ойлар көп жайда мүлде келмейд
Келгенінде қашанда кеш келеді
...Ермек қылам мен сонда кешке нені?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір демде өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Бір демде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір демде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір демде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері