Сен мені ұмыттың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сен мені ұмыттың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 913
Сен мені ұмыттың, жаным,
Ұмыттың нұрлы күндерді.
Алаулап жүзінде жалын,
Ұнаттың екен кімдерді.
Ақ нұрым жүрем деуші едің.
Аялап қызғышша қорып...
Беймәлім жат бір қақпаны,
Тықыршып жүр ме екенсің торып.
Бүр ашпай махаббат гүлі,
Қалса егер өне алмай солып.
Қалармын жүрегіндегі
Бір түйір ақ нүкте болып.
Жазылған әріптен гөрі,
Нүктені өшіру қиын.
Осынау жыр жолдарымды,
Оқырсың түсірмей иін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен мені ұмыттың өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сен мені ұмыттың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен мені ұмыттың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен мені ұмыттың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері