Анау қырда сап түзеген молалар – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Анау қырда сап түзеген молалар» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Анау қырда сап түзеген молалар,
Кеткен жанның мекені емес оралар.
Әкем, ағам, ерім кетті сол жаққа,
Қайтып келмес қарағанмен жол жаққа.
Бізбен бірге бет сипайды батар күн,
Сөйлейді әжем зиратына атамның:
«Келемін, - деп – шал-ау сенің қасыңа».
Екі әлемнің арасы тым қашық, ә?
Кейде маған көрінгенмен жақын-ақ,
Бөліп жатыр ұлан-ғайыр атырап.
Тірілердің жасқа толар етегі,
Өйткені әлі мұнда орын жетеді.
Молалар ғой мәңгіліктің мекені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анау қырда сап түзеген молалар өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Анау қырда сап түзеген молалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анау қырда сап түзеген молалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анау қырда сап түзеген молалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері