Тынықсын, тимеңдер адамға

Бұл бетте «Тынықсын, тимеңдер адамға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4667
Шаршаған адамның ажарын
Көре алман қиналмай ішімнен.
Тартқанмын өзім де азабын,
Түсінем, бәрін де түсінем.
Жарық пен желден де шаршаймыз,
Сену де, сүю де еңбек қой.
Сыйластық жеңіл деп кім айтар?
Ол-дағы қиыннан келмек қой.
Үрку де, қорқу да зор бейнет,
Шаршаймыз кейде біз шаттықтан.
Шаршаймыз кейде біз жаттықтан,
Шаршаймыз кейде біз сақтықтан.
Демалу керек қой әркімге,
Тынықсын, тимеңдер адамға.
Ертең де күш керек қоғамға,
Ертең де күш керек заманға.
***
Ақ шаңдақ ақсаңдап барады,
Оқ тиген жаралы қояндай.
Бір жүріп, бір демін алады,
Жатыр жел жүгіртер оянбай.
Ақша бұлт мүлгіп тұр төбеде
Аспанға жағылған бояудай.
Ұсайды ол жағылған желкенге,
Жатыр жел желпінтер оянбай.
Орман тұр жапырағын бүркеніп,
Сәждеге маңдайын қоярдай.
Амалсыз тағдырға тұр көніп,
Жатыр жел сілкінтер оянбай.
Тұршы, жел, ұйқыңнан, қозғалшы,
Шулатшы орманды сілкумен,
Жосылта тағы бір айдашы
Шаңдарды, бұлттарды іркілген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тынықсын, тимеңдер адамға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тынықсын, тимеңдер адамға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тынықсын, тимеңдер адамға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тынықсын, тимеңдер адамға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері