Мейрімім – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Мейрімім» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3432
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
От боп жанғым келеді
Жылуы жоқ үйлерде.
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
Шам боп жанғым келеді
Жарығы жоқ үйлерде.
Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
Сүйген үшін ризамын
Күюге де, күйреуге.
Жансыз қара тастаймын
Қалса көңілім сүйгенге.
Мұздай ызғар жатады
От жанатын кеудемде.
Жабылады жүрегім
Қалса көңлім сенгенге,
Санаймын да қоямын
Сенгенімді өлгенге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейрімім өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Мейрімім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейрімім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейрімім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері