Ақыл қиянаты – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақыл қиянаты» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4995
Хабарым жоқ қасіретті шаң-күдіктен,
атырушы ем қырымда таңды үмітпен.
Табанымды сүйетін қытықтап құм,
жалғастырып жанымды мәңгілікпен.
Қозы айдасам күндерде құлын қылық,
қоңырлықтан қашатын суыр бұғып.
Көк шалғыным жанымды тазартатын
мені мөлдір шығымен жуындырып.
Қарағайдың иісі-ай тоғайдағы!
Тоғай жаны – көкпеңбек көл айналы.
Көлге жетпей балалар жамырайтын
қой жуаға жабылып жолай бәрі.
Ақ ботаға жарасар зерлі ноқта,
бас қоймайды тұмса інген кергіп отқа.
Қой маңырап, құлыншақ кісінеген
қырмызы кез келмей ме, енді жоқ па?
Көргем малды келмейді керең дегім
қос биені боз құлын тел емгенін.
Соның бәрі бұл күнде түсіме еніп,
шулап бірдеңе айтады емендерім.
Суым – ащы, шөп – нәрсіз, затым жеңіл,
сорға айналып көлдерім жатыр не бір.
Ауам улы. Жердегі бар нәрліні
жеп тауысты біртіндеп Ақыл-жебір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл қиянаты өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақыл қиянаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл қиянаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл қиянаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері