Ана тілім
Бұл бетте «Ана тілім» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 24.04.2026
- 0
- 0
- 1845
Өлеңін жазған: Сайлаубай Тойлыбаев
Әнін жазған: Мақсат Жәутіков
Тілім менің ана тілім,
Жырым менің ана тілім.
Көк жүзінде күлімдеген,
Нұрым менің ана тілім.
Қайырмасы:
Есімде дала тілім,
Есімде дана тілім.
Қазақ үшін құдіретті,
Әр қашанда ана тілім.
Балдай тәтті бала тілім,
Сөзбен тәтті дана тілім.
Қазақ үшін қасиетті,
Жаса мәңгі ана тілім.
Сен арқылы тілдесемін,
Сол тіліміз гүлдесе мың.
Айналайын ана тілім,
Арта түспек тілге сенім.
Қайырмасы:
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі