Бұл үйдің барлық халқы нық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұл үйдің барлық халқы нық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3390
Бұл үйдің барлық халқы нық,
шетінен тұлға шіренген.
Қамдарын ойлап шарқ ұрып,
шырылдап жалғыз жүрем мен.
Оларша: самғар қанатын
құстаймын, ой мен қайғым кем.
Бәріне бәрін табатын
сарқылмас байлықтаймын мен.
Алдырып бойды кірбіңге
мұңайдым ба әлде өткенге,
болмаса жылап-күлдім бе –
ешкімнің ісі жоқ менде.
Басқаның түн мен таңы да
көлеңке қашар жап-жарық,
мен болсам – шыбын жаныма
іздеймін медет қарманып.
Жүргендей жұрттан шет қалып,
түскенше бүйтіп сарсаңға,
бас ауған жақты бетке алып
шығандап кетіп қалсам ба…
Үйім де жаттай, мұңданам
қызықпай шапан-шенге де.
Жоқ, әлде, жанды шырмаған
қырсықтың бәрі менде ме?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл үйдің барлық халқы нық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бұл үйдің барлық халқы нық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл үйдің барлық халқы нық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл үйдің барлық халқы нық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері