Құлқыңды көріп бүгінгі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Құлқыңды көріп бүгінгі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3511
Құлқыңды көріп бүгінгі
достарың сенен түңілді:
өзіңді бір кез қолпаштап,
көтеріп көкке жүгірді.
Жандары шығып қолдады,
сыпырып жұртты жолдағы
таққа да жеттің ақыры,
ал, тақтың билік – қорғаны.
Жоқтықта сені жебеген
жандарға енді керек ең.
Сен бірақ шірік балықтай
лақтырдың бәрін кемеден.
Ұмытып дос кім, тамыр кім,
біртіндеп құрытып арылдың
куәлардан
өсер жолдағы
сұрқия сұмдықтарыңның.
Халықтың жады, сыр, мұңы –
дүниенің өлмес тұрғыны.
Құлқыныңа түбі қадалар
тарихтың қанжар-шындығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлқыңды көріп бүгінгі өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Құлқыңды көріп бүгінгі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлқыңды көріп бүгінгі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлқыңды көріп бүгінгі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері