Қайран Мәриям апам-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қайран Мәриям апам-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4652
Бар қазаққа ана едің, барлық қызға пана едің. Көңілі шалқар даладай бітімі бөлек жан едің. Жақтырмасаң, паң едің, жақсы көрсең, ән едің, жыр - отаудың сәні едің, акыл - ойдың нәрі едің.

Көңілім жүдеп, күрсініп, мен жылаймын тұншығып. Енді сенсіз Күн шығып, енді сенсіз бата ма Ай? Қайран Мәриям апам-ай...
Қыздардың көшін бастаған, орынсыз асып - таспаған, өсек-аяң сөз айтпай, қабағымен жасқаған тектілердің көзі едің, шын асылдың өзі едің. Мәриямы мәңгі көз жұмып, жұкарған жанын тоздырып кемсеңдеп жатыр кең дала. Еліме Ана боларға лайық едің сен ғана. Енді орның сенің толар ма... Қыздардың бәрі жылаулы, жанарлар жасқа бұлаулы «Жоқ-ау, - деп, - сендей енді Ана», жүрегін кернеп шер-нала.

Тіріде шырылдап жаның, еліңнің ұл-қыз - ардағын тілегін тілеп, қамдадың. Көшінен жырдың қалмадың.

Сырбай, Ғафу - қос ағам,
қос ағамнан айрылып,
босағасы жырдың босаған.
Сен де кетіп барасың
біздерді тастап, қош, анам!

Мейірім ойнап өңіңде, отырмайсың енді төрімде. Қимаймын, қалай қиярмын өзіңдей жанды өлімге. Жаныңызға жұмак тіледім, шарам жоқ басқа - білемін. Ажал дегеннің қаталы-ай, Әр сөзі - асыл батадай, Қош, Қайран Мәриям апам-ай!

1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран Мәриям апам-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қайран Мәриям апам-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран Мәриям апам-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран Мәриям апам-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері