Жабығу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жабығу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 5907
Билігі барды батыр ғып,
ақшасы барды ақын ғып,
жарамсақтарды жақын ғып,
жаны жақынды жатың ғып
өтуде күндер… Жалықтым.
Сұмдығы көпті сұңқар ғып,
тұяғы барды тұлпар ғып,
ұяты барды ұлтан ғып,
марқасқаларды мылқау ғып
барады заман. Жабықтым.
Шешімі жоқты шешен ғып,
көпіргендерді көсем ғып,
көңілшектерді көсеу ғып,
еркелегенді есер ғып…
Қай көшке ерді біздің ел?
Жүдетті жанды күзгі жел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері