Қоғам дегенің – темір тор – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қоғам дегенің – темір тор» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 5604
Қоғам дегенің – темір тор,
темірдің тілін таппадым.
Аспаным – алау, жерім – сор,
серкесіз отар – баққаным.
Мықтылармен тор бағар
жұғыса алмадым – жақпадым.
Билігін сатып қорғалар
астындағы ағаш тақтарын.
Қаншама заман жалғасты
үмітті қуып көз ілмей.
Бәрібір күйім алғашқы
қауымдық қоғам кезіндей.
Жылқы ішінде де жорғаң кем,
жылтырағанмен сырты құр.
Бөріктері басқа болғанмен
патша атаулының құлқы бір.
Болжайтын жан жоқ жолды алғы,
жүрегі сыздап жер-жайға.
Талқандап темір торларды
ел қамын ойлар ер қайда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоғам дегенің – темір тор өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қоғам дегенің – темір тор өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоғам дегенің – темір тор өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоғам дегенің – темір тор өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері